386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы елді мекендердің өз бюджеті пайда болды

  • 385
  • UPD: 14:00, 29.11.2018
СҚО-дағы елді мекендердің өз бюджеті пайда болды

Солтүстік Қазақстан облысында 47 ауылдық округ пен 4 қаланың өз бюджеті пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 1 млрд 912 миллион теңгені құрады. Мұндай өзгеріс өңірде «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында жүзеге асты. Яғни Елбасы тапсырмасына орай халық саны екі мыңнан асатын ауылдардың дербес өзін-өзі басқару бюджеті енгізіліп, күрмеулі мәселелер шешімін таба бастады. Ауыл басшыларының жұмысын одан әрі оңтайландыру үшін өңірде оларды оқыту қолға алынды. Екі аптаға созылатын шараға барлығы 50-ден астам әкім қатысуда.

Науқан Таласпаев, Сергеевка қаласының әкімі:

- Жоғарыдан ақша келетін. Сосын ол ақша жұмсалатын. Халық кейде «ол керек емес жерге жіберілді» деп айтатын. Қазіргі таңда ол алқа мүшелерінде. Білім саласынан бар, қарттар бар, бизнестен бар. Оның бәрі өздері қол қойып, халықтың керек деген мәселелеріне ғана істеліп жатыр. Енді Сергеевка қаласына келетін болсақ, бірінші – абаттандыру. Екінші таңда – жол мен жарық.

Хабар 24 телеарнасы