389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жылу ақысы қайта есептеледі

  • 425
  • UPD: 15:28, 29.11.2018
Қарағанды облысында жылу ақысы қайта есептеледі

Теміртау қаласы тұрғындарының жылу төлемақысы қайта есептеледі.

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Владислав Цай мәлімдеді. Жылу маусымының басынан бері №2 жылу электр станциясындағы қазандықтың жұмысы 15 рет тоқтаған. Нәтижесінде қала тұрғындарының пәтеріне жылу қажетті көлемде берілмеді. Енді Теміртау тұрғындарына жылу көлемі аз берілген 7 күн ақысы қайта есептелінбек. Теміртау қаласы әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, станциядағы 6 қазандықтың төртеуі үзіліссіз жұмыс істеп тұр, тағы біреуі қорда. Қазір №2 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілуде. Желтоқсанның  20-сында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал №4 қазандық толық жөндеуден өтіп, 10 желтоқсанда іске қосылмақ.

Владислав Цай, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

- Құбырдың әр жерінен пайда болған тесіктерді жамау бойынша 15 рет жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты пешті де тоқтатуға мәжбүр болдық. Үйді басқару ұйымдары қызмет көрсетуші мекемеге берілген жылу көлемі жөнінде есеп тапсырады. Осы арқылы нақты берілген жылу үшін қайта есептеу жүреді. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы