387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 1 млн жаңа жұмыс орны ашылады

  • 730
  • UPD: 22:10, 29.11.2018

Алдағы 7 жылда елімізде шамамен 2 млн жас маман еңбек нарығына шығады.

Оларды жұмыспен қамту үшін 2025 жылға дейін 1 миллионға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Еңбек нарығының болашағы талқыланған форумда Үкімет басшысы осылай деді. Ал 2020 жылға дейін шамамен 550 кәсіптік стандарттарды бекіту көзделіп отыр. Сондай-ақ технологияны жаңғыртудың нәтижесінде қажетсіз болып қалған кадрларды басқа кәсіпке машықтандыру ісі қолға алынды. Бұл ретте шетелдік сарапшылар әлемдік еңбек нарығындағы ахуалды сөз етіп, өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.

Кейко Миуа, Дүниежүзілік банктің жаһандық білім беру тәжірибесі жөніндегі директоры:

– Мамандардың біліктілігін арттыру үшін жоғарғы оқу орындары жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнатуы керек. Яғни жұмыс берушілер оқытушылардың рөлін атқарып, болашақ кадрларды дайындауға өз үлесін қосуы тиіс. Сондай-ақ жеке сектор өз талаптары бойынша оқу бағдарламасын түзуге атсалысуы қажет.

Самир Беди, сарапшы /Сингапур/

– Сингапурде біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында 25 жастан асқан ел азаматтарына 500 доллар грант беріледі. Бұл қаражатты тек білім алуға және біліктілікті арттыруға жұмсау керек. Бізде осы сынды білімді дамытуға бағытталған бағдарламалар өте көп.

Хабар 24 телеарнасы