389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да үш жылда 19 мыңнан астам жәдігер табылған

  • 633
ШҚО-да үш жылда 19 мыңнан астам жәдігер табылған

Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған «Археология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту» бағдарламасы сырға толы өлкеде жасырынып жатқан әлі талай құпияларды ашуға серпін береді.

Ол тағы 3 жылға ұзартылды. Аталған жобаның алғашқы 3 жылдығынан жинақталған олжа аз емес. Жалпы 19 мыңнан астам артефакт табылды. Әсіресе, биыл Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы қорымынан табылған алтын адамның археологиялық салаға қосқан салмағы зор. Киімі алтынмен апталған жас жігіттің мүрдесі біздің ғасырымызға дейінгі 7-8 ғасырға тиесілі. Оның үстінен 8 мыңға жуық алтын элемент табылған. «Ондағы 1 миллиметрлік алтын әшекейлер сол замандағы өндірістің, өңдеу жұмыстарының мықты болғанын дәлелдейді», – дейді мамандар. Облыста табылған ежелгі шахталар да – ата-бабаларымыздың жер байлығын игерудегі жетістіктерінің бір көрінісі.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Шығыс Қазақстан өңірі Еуразия кеңістігіндегі металлургиялық провинциялардың біріне айналған. Ұлан ауданында Қалайытапқан жері және Жарма ауданында, Асқаралыдан 10-12 шақырымда қола дәуірінің шахталары табылды. Сол шахталардың тереңдігі 10 метрге дейін жетіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы