375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Е.Шаповалова: Елбасы мақаласындағы ұсыныстардың маңызы зор

  • 676
  • UPD: 12:47, 30.11.2018

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген ұсынысты ұтымды деп есептейді Украина білім және ғылым министрлігінің өкілі, доцент Елена Шаповалова. 

Білім саласының маманын әсіресе «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағының ашылуы қызықтырады екен. Оқу-ағарту ісіндегі мұндай танымдық іс–шаралар Қазақстан ғана емес шет елдің азаматтары үшін де өте маңызды болмақ деп есептейді сарапшы.

Елена Шаповалова, Украинаның халықаралық білім беру мемлекеттік орталығының басшысы:

- Қазақстан басшысының мақаласы мемлекет басшысына деген құрметімді арттырғаны рас. Материалда көрсетілген ұсыныстардың дені сау қоғам құрудағы маңызы зор деп есептеймін. Білім және ғылым министрлігінің өкілі әрі ағарту саласының маманы ретінде айтарым мақалада көтерілген мәселенің барлығы дерлік өте қызықты. Оның ішінде қазақтың атақты тарихи тұлғаларын дәріптеуге арналған энциклопедиялық саябағын ашу жайлы ұсынысын ұтымды деп есептеймін. Расымен ашық аспан астында ескерткіш мүсіндер қойылып, мемлекеттің өткені осындай жоғары деңгейде дәріптелетін болса, студенттеріммен бірге міндетті түрде Қазақстанға барып, көрші елдің тарихымен жақыннан танысқан болар едім.

Хабар 24 телеарнасы