383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы қалада қар неліктен дер кезінде тазаланбайтынын айтты

  • 327
  • UPD: 12:48, 30.11.2018
Сарапшы қалада қар неліктен дер кезінде тазаланбайтынын айтты

Қалың қар түскен кезде коммуналдық мекемелерден маза кетеді. Тіпті көшелерді толық тазалауға қарымы жетпей жатады.

Ал «Менің үйім» өзін-өзі басқаратын кондоминимумдар қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Еркетаев тығырықтан шығар жолды ұсынып отыр. 

 Ермек Еркетаев, өзін өзі басқаратын кондоминимумдар қауымдастығының атқарушы директоры:

- Неге біздің аулалар тазаланбай қалады? Ол мемлекеттің бөлінетін қаражаты акиматтың болсын, бір үлкен компаниялар - монополияларға беріп қояды. Ол монополия қаланың үлкен жолдарына, магистральдарына бөлініп, техниканың бәрі сол жерде жүреді. Сол үшін есік алдындағы аулалардың жолдарын олар үлгермейді тазартуға. Көріп отырсыз, екі жетінің ішінде қатты қар жауды, оның тазартып үлгермеудің себебі, өткенде ғана тазартылған жолдарды қайтадан коммуналдық техникалардың бәрі қайтадан сол жолдарға көшті. Қауымдастықтар бар. Олар қай кезде қандай техника жалдау керек екенін. Мемлекет 97 қадам бойынша соларға функцияларды берсе, акиматқа да, үкіметке де жеңіл болады. Соны нақтылап қарау керек деп ойлаймын. 

Қыс қытымыр аязымен ғана емес, қалың қарымен де тұрғындарды әбігерге салатыны белгілі. Осыған байланысты бас шаһардың шамамен 10 млн шаршы метрі арнайы техника көмегімен тазаланып, 15 жарым млн текше метрі «Астана Тазалық» мекемесінің қар күреуші жұмысшыларына қалдырылып отыр. Елордада қар аршу жолының жалпы ұзындығы мың шақырымға жуықтайды. Ал қыс мезгілінде санитарлық тазарту жұмыстарына 1,5 мың техника бірлігі жұмылдырылады. Елорда бюджетінен қарастырылған 14 млрд теңгенің едәуір бөлігі инертті материалдар мен жанармай алуға жұмсалған. Астана Тазалық мекемесінде 28 мың текше метрден астам тұз аралас құм әзірленген. Оның ішінде шамамен 100 текше метрі айсмелт атаулы химиялық реагентке жатады. Ал қазан айының ортасынан бері мұздақ қар басқан жолдарға 3 мыңнан астам текше метр құм себілген.

Хабар 24 телеарнасы