378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да қолға алынған жоба өлкенің құпияларын ашуға серпін береді

  • 483
  • UPD: 16:19, 30.11.2018

Шығыс Қазақстан облысында қолға алынған «Археология саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту бағдарламасы» сырға толы өлкеде жасырынып жатқан әлі талай құпияларды ашуға серпін береді.

Ол тағы 3 жылға ұзартылды. Аталған жобаның алғашқы 3 жылдығынан жинақталған  олжа аз емес. Жалпы 19 мыңнан астам артефакт табылды. Әсіресе биыл Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы қорымынан табылған алтын адамның археологиялық салаға қосқан салмағы зор. Киімі алтынмен апталған жас жігіттің мүрдесі біздің ғасырымызға дейінгі 8-7 ғасырға тиесілі. Оның үстінен 8 мыңға жуық алтын элемент табылған. Ондағы 1 миллиметрлік алтын әшекейлер сол замандағы өндірістің, өңдеу жұмыстарының мықты болғанын дәлелдейді. Облыста табылған ежелгі шахталар да ата -бабаларымыздың жер байлығын игерудегі жетістіктерінің бір көрінісі.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Шығыс қазақстан өңірі бүкіл Евразия кеңістігіндегі металлургиялық провинциялардың біріне айналған. Ұлан ауданында Қалайытапқан жері содан кейін жарма ауданында Асқаралы деген жерден 10-12 шақырымда Малый  қарасу деген жерде қола дәуірінің шахталары табылды.Сол шахталардың тереңдігі 10 метрге дейін жетіп жатады.

Хабар 24 телеарнасы