389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да «Қазроботикс» чемпионаты өтіп жатыр

  • 618
  • UPD: 15:09, 30.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысында IT-технология мен техника тілін жетік меңгерген озық ойлы жастар бас қосты. Петропавлда «KazRoboSport-2018» чемпионаты басталды.

Өнертапқыштардың бәйгесіне еліміздің барлық аймағынан, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен 250-ден астам үміткер қатысып жатыр. 

Аталған чемпионат неліктен тап осы Қызылжар өңірінде өтіп жатыр? Оның астарында қандай да бір мән бар шығар? 

Елімізде робот құрастыру саласына қызыққан жастардың қарасы көп. Қазір қанша адам осы техниканың тілін меңгерген? Нақты деректеріңіз бар ма? 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Жалпы биыл Петропавл қаласында көптен күткен оқушылар сарайы пайдалануға берілген болатын. Ол осы IT-технологияға негізделген. Енді Солтүстік Қазақстандықтар да робототехникамен айналыса бастады. Қазір менің жанымда жастардың қолымен жасалған жүздеген түрлі роботты көруге болады. Ал олар сумо, биатлон, футбол сынды спорттық сайыстарда мықтылығын көрсетулері тиіс. Ақылды техниканы жасау үшін балалар физика, электроника, механика, бағдарламалау пәндері бойынша білімдерін қолданған.

Жалпы осы елімізде қазір робототехника қаншалықты дамыған? Қандай да бір ақпарат бар ма ?

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Осы IT-технологияға ден қойған жандардың қарасы  уақыт  өткен сайын артып келеді. Мамандардың айтуы бойынша бүгінгі күні елімізде 15 мыңнан астам адам робототехникамен айналысады екен. Ал мұндай байқау осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Биыл іріктеу кезеңіне барлығы 3000-нан астам адам қатысқан. Аталған чемпионат екі күнге жалғасатын болады. Яғни жеңіске жеткендері грамота және Тұңғыш Президент қоры тағайындаған арнайы сыйлықпен марапатталады.

Хабар 24 телеарнасы