378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер» бойынша Қазақстанның алты қаласында 1000-нан аса пәтер сатылмақ

  • 532
  • UPD: 14:30, 30.11.2018
«Нұрлы жер» бойынша Қазақстанның алты қаласында 1000-нан аса пәтер сатылмақ Kn.kz

«Бәйтерек девелопмент» желісі бойынша Шымкент, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Павлодар қалаларында тұрғын үй сатуға шығарылды.

Бір, екі, үш бөлмелі пәтер құны шамамен 6-дан 15 млн теңгеге дейін. Бұл тұрғын үй бағдарламасына толығымен сәйкес келеді.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспананы жеке өз қаражаты мен қарызға кез келген ниет білдіруші ала алады.

«Ипотекалық нарығында бірнеше ипотекалық өнімдер жұмыс істейді: «Баспана» ипотекалық ұйымның «7-20-25» бағдарламасы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім», «Орда» Қазақстандық ипотекалық компаниясы. Сондай-ақ банктер өз ипотекалық бағдарламасын клиенттер үшін ұсынады. Сатып алушы қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жауап беретін нұсқаны таңдайды. Компания екінші деңгейдегі банктерге өз тарапынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған кешендердің тізбесін ұсынды», - деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аскарбек Өсербаев.

Ол сондай-ақ «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, оның аясында ҚТҚЖБ клиенттерге қарыздарды жеңілдік шарттарымен береді. Осы бағыт бойынша бастапқы жарнаны пәтерлер құның шамасы 20%-ын құрайды, 7%-ға ең жоғарғы мөлшерлеме бойынша кредит аспайтын, ал кейіннен 5%-ға дейін төмендейді.

«Тұрғын үй сатып алуға өтініш бергендердің барлық саны, 130-дан астам өтініш берушілердің тілегі, тұрғын үйді сатып алуға қарыз қаражаттары есебінен алу жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда банктермен 50 өтініш 526 млн теңге мақұлданды, 80-нен астам өтінім қаралып жатыр.Н егізгі бөлігі, серіктес-банктерде: «Халық Банк», «Банк ЦентрКредит», Kaspi Bank, Bank RBK және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ипотекалық қарыздарды мақұлданған», - деп қорытындылады компания.

Бүгінде Шымкентте 1008 пәтердің 595-і өткізілуде, Қостанайда қолжетімді сатуға -105 пәтер, Ақтөбеде - 96 пәтер, Қызылордада - 88 пәтер, Павлодарда - 73 пәтер, Атырауда - 51 пәтер сатылуға берілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған пәтер алаңы 37-80 шаршы метрді құрайды.

Барлығы 2018 жылдың 11 айында «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаржылық қатысуымен 34,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 588 пәтер Шымкент, Петропавл, Семей, Алматы, Өскемен қалаларында пайдалануға берілген.

Хабар 24 телеарнасы