384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

  • 592
  • UPD: 16:17, 30.11.2018

Президент күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты.

Білім, мәдениет, спорт, бизнес және мемлекеттік қызмет саласында жетістікке жеткен 20 адамға салтанатты түрде партиялық билет табысталды. Шараға қатысқан партия хатшысы Тамара Дүйсенова бұл өте маңызды және жауапты қадам екенін атап өтті. Өйткені, Елбасы төрағалық ететін саяси ұйымға мүше болу - мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға және елге аянбай еңбек етуге міндеттейді. Астанадан бөлек, еліміздің басқа қалаларында да бүгін дәл осындай шаралар өтіп, 2 мыңнан аса қазақстандық партиялық билеттерін алды. 

Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Бұл жерде еліміздің барлық саласындағы белсенді азаматтар бар. «Нұр отан» партиясына мүше болғаннан кейін олардың еңбегі одан сайын жанданып, биік белестерді бағындырады деген ойдамын. Жылдағы дәстүр бойынша салтанатты шараны Тұңғыш Президент күні қарсаңында ұйымдастырдық.

Серік Әбдуәлі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:

- Еліміздегі ең пәрменді саяси құрылым «Нұр Отан» партиясы қазіргі таңда қарыштап дамып, қанатын кеңге жайған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруда орасан зор міндеттерді жүзеге асырып келеді.Партия бүгін тағы да танымал азаматтармен отанын сүйетін жалыны жастармен толығып отыр.

Хабар 24 телеарнасы