383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Еуропалық туристер Қазақстан тарихына қызығады

  • 321
  • UPD: 15:50, 30.11.2018
Сарапшы: Еуропалық туристер Қазақстан тарихына қызығады

Президент Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы  - Қазақстан экономикасын жаңғыртудың маңызды тірегі болумен қатар еліміздің тарихына терең үңілу болып табылады. Мақалада баяндалған мақсаттарды жүзеге асыру жаңа академиялық  білімнің тарауына әкелуі мүмікн. Бұл Еуропадағы Азияны зерттеу институты мамандарының білдірген пікірі.

Альберто Тюркстра, Азияны зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері:

- Салт аттылар мәдениеті - Қазақстанның көне тарихы. Еуропалық туристер осы құндылыққа қызығады. Сондықтан осы саланы дамыту өте маңызды. Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолияның ортақ көшпенділік тарихы бар. Осы ретте бұл елдер өзара байланыстарын нығайтып келеді.  Жақында өткен «Көшпенділер ойындары» осындай бірлесудің жақсы үлгісі. 

Джулия Шорати, Тренто университетінің докторанты /Италия/:

- Президент Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында көшпенділер мәдениеті өткеннің бір бөлігі ретінде ғана емес, Қазақстан болашағының берік тірегі ретінде көрсетілген. Бұрынғы замандағыдай, Қазақстан Жаңа Жібек жолының басым бөлігін қамтиды. Бұл нарықтың ұлғаюымен қатар мәдениет пен білімнің тарауына жол ашып отыр. Тек көрші елдерге ғана емес, Еуропаға да мәдениетіңізді таратудағы зор мүмкіндік. Бұл бізге жаңа білім алуға көмек береді.

Хабар 24 телеарнасы