389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Варшавада Women in Tech халықаралық конференциясы өтті

  • 471
  • UPD: 23:41, 30.11.2018

ІТ индустрияда қандай жаңа мамандықтар пайда болады?

Осы саладағы әйелдердің орны қандай болмақ және ақпараттық технологиялардың болашағы. Форумда осы және өзге де өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Алғаш рет ұйымдастырылып отырған конференцияға Еуропа мен Азиядағы 20 елден мыңнан астам делегат келді. Сессиялардағы талқылауға Қазақстан өкілдері де қатысты.

Айман Сәрсенова, медициналық компания өкілі:

- Әлемде ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келеді. Денсаулық сақтау саласында да кең қолданылып жүр. Қазақстандық медициналық ұйымның өкілі ретінде маған осындай шараларға қатысу қызық. Өйткені Елбасы халыққа Жолдауында атаған негізгі мақсаттардың бірі медицинаны цифрландыру болып тұр. Форумға қатысушы өзге елдердің тәжірибесін сіңіріп, осы саладағы жаңалықтарды білу біз үшін пайдалы екенін білемін.

Хабар 24 телеарнасы