388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты сауалнама нәтижесі жария етілді

  • 889
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты сауалнама нәтижесі жария етілді

Азаматтық даму министрлігінің жанындағы азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысымен «Жастардың үні» қоғамдық бірлестігі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты сауалнама жүргізіп, халықтың пікірін жинақтады.

Олар үш ай бойы еліміздің барлық аймағын аралап, 2 мыңнан аса адамның аталған бағдарлама туралы пікірін білді. Ауқымды жұмыс атқарған жастар дөңгелек үстел басына жиналып, алғашқы нәтижелерін жариялады.

Дәурен Бабамұратов, саясаттанушы:

– Біз мұны кітап ретінде шығарып, аймақтарға, бүкіл ЖОО-ға таратамыз. Әлеуметтік сауалнаманың ішінде 60-қа жуық сұрақ болды. «Рухани жаңғыруға» қатысты барлық сұрақтарды қамтуға тырыстық. Біз сұраған халықтың 44 пайызы әртүрлі деңгейді рухани жаңыру іс шараларына қатысқан. Бұл да – жақсы көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы