389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда этно-мәдени орталықтардың өкілдері бас қосты

  • 749
Алматыда этно-мәдени орталықтардың өкілдері бас қосты

«Әлеуметтік-экономикалық қиын кезеңде саяси этникалық қоғамды біріктіру мүмкін бе?» деген тақырып Алматыда этно-мәдени орталықтардың өкілдері бас қосқан дөңгелек үстелде талқыланды.

Дамушы мемлекеттерде ғана емес, Еуропаның да біраз елінде болып жатқан саяси қақтығыстар туралы көптеген мысал келтірілді. «Осындай қиын кезеңде Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстарға бірдей қамқорлық жасап, тыныштықта, бірлікте, шаңырағымызды шайқалтпай, ел тізгінін ұстаған Елбасының басқару үлгісі бізді дағдарыстардан аман алып қалды», – дейді дөңгелек үстелге қатысушылар. Бір ғана мысал, 2008 жылы 30 қарашада Испанияның астанасы Мадрид қаласында 57 мемлекет Қазақстан Президентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікке сіңірген зор еңбегін бағалап, бірауыздан ОБСЕ-ге төрағалық етуге дауыс берді. Еуропа алғаш қазақ халқына жауапты төрін ұсынды. Біз оны ойдағыдай орындап қана қоймай, көптеген жыл бойы шешімін таппай келе жатқан мәселелерге серпіліс беріп, жеңіске жеттік. «Бұл – біздің ел үшін үлкен абырой», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері.

Қазақбай Қасымов, Түрік мәдени орталығының төрағасы:

– Президенттік басқару жолы мемлекетімізді халықаралық экономикалық дағдарыстан абыроймен алып шықты. Мемлекетімізде нарықтық экономика құрылымының механизмі қалыптасты. Мәдениетіміз гүлденді. Біз ТМД елдеріне бір үлгі өнеге болдық. Ал құрметті Елбасымыздың мемлекетіміздегі этно-саяси, рухани саяси, ұлттық реформаларының дұрыс жүргізуіне байланысты қалыптасқан ұлтаралық татулықтың тұрақтылығы әлем сахнасында Қазақстан беделін арттырды.

Хабар 24 телеарнасы