389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда робототехникадан чемпионат өтуде

  • 623
Петропавлда робототехникадан чемпионат өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында IT-технология мен техника тілін жетік меңгерген озық ойлы жастар бас қосты.

Петропавлда алғаш рет «KazRoboSport-2018» чемпионаты жалауын көтерді. Ол екі күнге жалғаспақ. Жас өнертапқыштардың бәйгесіне еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен 250-ден астам адам қатысуда. Ал балалардың өз қолымен жасаған ақылды техникалары сумо, биатлон, сынды спорттың бірнеше түрлері бойынша мықтылығын көрсетеді. «Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай жарыстар жастардың ой-өрісін дамытып, өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – дейді.

Абзал Әлібеков, чемпионат төрешісі:

– Қазір жаһандану заманы, жаңару заманы болғасын, балалар «Digital urban» дейді. Яғни балалар бағдарламалау тілдері арқылы қазіргі заманның талаптарына сай өмір сүреді. Яғни неше түрлі роботтарды жасап, конструкцияларын құрастырып, роботтарды құрастырып, соларға тапсырма береді. Жастардың қазақ балаларының бейімделуі өте зор.

Хабар 24 телеарнасы