389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана әкімі өз ісінің үздіктерін марапаттады

  • 551
  • UPD: 15:13, 02.12.2018
Астана әкімі өз ісінің үздіктерін марапаттады

Елорданың дамуына үлес қосып, түрлі салада еңбек етіп жүрген астаналық тұрғындар марапатталды, деп хабарлады «Хабар 24».

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов елордалықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, ерекше көзге түскен мамандарды атап өтті. Олардың арасында ұстаздар, құтқарушылар және полиция қызметкерлері сияқты мамандық иелері бар. Шаһар басшысының айтуынша, Астананың қарыштап дамуына әр тұрғын өз үлесін қосты. Сондай-ақ шара аясында қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысқан мерекелік концерт өтті.    

Бақыт Сұлтанов, қала әкімі:

- Бүгінгі Астананың жеткен жетістіктері мен табыстарының бастауында әртүрлі салада күнделікті қызмет етіп жүрген кәсіби мамандардың ерен еңбегі жатыр. Олай болса, сіздерге еліміздің өсіп-өркендеуі мен қаламыздың гүлденуіне қосқан елеулі үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!

Хабар 24 телеарнасы