386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда қоғамдық кеңестің ұсынысымен жолдар жөнделетін болды

  • 446
  • UPD: 07:53, 03.12.2018

Қостанайдағы қалалық қоғамдық кеңестің ұсынысымен облыс орталығындағы кейбір көше жолдары жөнделетін болды.

Кеңес мүшелері билік  өкілдері алдында мұнан өзге де маңызды мәселелер көтерді. Олардың бірқатары бойынша тиісті мемлекеттік орган басшыларының есебі де тыңдалған. 

Қостанай қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы. Бұл жолы облыс орталығындағы қоғамдық көлік қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. Қала тұрғыны  Баян Мукубаева кейбір автобустардың уақытынан кешігіп жүретіндігін  жауапты қызметкерлердің құлағына жеткізсем дейді.

Баян Мукубаева, қала тұрғыны:

- Көптеген адамдар әсіресе ауылдағылар  өздерінің проблемаларын билікке жеткізе алмайды. Сондықтан қоғамдық кеңестер керек деп ойлаймын. Қала ішінде жүретін 18-ші маршрутты көп күтемін. Мен соны айтуға келдім.

Қостанай қалалық қоғамдық  кеңесі  біраз мәселелердің оң шешімін табуына мұрындық болған. Мысалы олар биыл жол жөндеу барысын  айрықша бақылауда ұстаған.

Владимир Сова, қалалық коғамдық кеңес төрағасы:

- Жеке тұрғындар да өтніш шағымдарын білдіріп жатады.  Біз бірден барып, жөндеу жұмыстары қалай жұріп жатқандығын қараймыз. Егер бір кемшіліктер шығып жатса, ұсыныс-пікірлерімізді жолдаймыз.Біздің сөзіміз ескерусіз қалмайды.Биыл мысалға жол жөндеуге қосымша қаржы бөлінді.

Үш жыл бұрын қоғамдық кеңестер құрылғанда оған сенімзсіздік білдіргендер де  аз болған жоқ. Қазір көпшілік қарапайым халықтың талап-тілегін жоғары жаққа жеткізіп,  қоғам мен биліктің іс-қимылын үйлестіруші  бірлестік деп таниды.

Валерий Вишниченко, облыстық қоғамдық кеңес хатшысы:

- Кейбір нормативтік актілерді қайта-қайта талқыға саламыз. Біз қолдамағандары әділет департментінде тіркеуден өтпейді. Мысалы, газ есептегіштері жоқ тұрғындар үшін тағайындалатын көгілдір отын  нормативтерін  бес рет қайта қарадық. Бұл жерде айтпағым әр мәселеге біз жіті мән береміз.

Қостанай облыстық қоғамдық кеңесі осы жылдар  ішінде 50 отырыс, 17 тыңдау өткізген. Бұл да  болса, көп жәйтті аңғартады. 

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы