376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы қоғамдық көлікте электронды жолақы енгізіледі

  • 295
  • UPD: 10:00, 03.12.2018
Оралдағы қоғамдық көлікте электронды жолақы енгізіледі

Орал шаһарында жолаушылар тасымалын жақсартудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды.

Соған сай қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Егер осыдан екі жыл бұрын қалалық автопарктің 40% шағын автобустар құраса, бүгінде 190 «Газельден» 30-ы ғана қалған. Биыл жергілікті тасымалдаушы кәсіпорындар 35 үлкен автобус сатып алды, келер жылға тағы 135 жаңа автобус алуды көздеп отыр. Сонда қоғамдық көліктің тозығы жету көрсеткіші 54 пайыздан 27 пайызға азаймақ. Бұл салада сандық технологиялар да белсенді қолданылуда.

Мұрат Мұқаев, қала әкімі: 

- Стандартқа сай автобустар. Ішінде барша видеокамералармен, карталармен толық өтемақысын төлеуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар «Инфобас» бағдарламасы аясында барша 450 автобус баршасына да «GPS» навигатор қондырылған. «Смарт Орал» қосымшасында әр автобустың қай жерде келе жатқанын баршасы көріп отырады.

Хабар 24 телеарнасы