376,17 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық 7 жасар бүлдіршін Мәскеудің сән сайысында жеңімпаз атанды

  • 945
  • UPD: 18:12, 03.12.2018
Қарағандылық 7 жасар бүлдіршін Мәскеудің сән сайысында жеңімпаз атанды

Жеті жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны Айша Әбенова 7-9 жас аралығы санатында өткен «Mini miss grand prix Russia 2018» сән байқауында жеңімпаз атанды.

Бас жүлдеден бөлек қазақстандық «Mini miss grand prix Russia Instagram» номинациясын жеңіп алды.

Халықаралық айтулы байқаудағы жеңіс - Айшаның алғашқы жеңісі емес. Көршілес елдің байқауына барар алдында ол «Mini miss Karaganda 2018» сайысын жеңіп алған болатын.

«Айшаның жеңісі біз үшін кездейсоқтық болған жоқ. Жас болғанына қарамастан, ол лезгинка биін керемет орындайды. Ән айтып, пианинода ойнайды, сурет салып, өлең оқиды», - дейді «Mini miss Karaganda 2018» байқауының ұйымдастырушысы, «Art line» модель агенттігінің директоры Мадина Ахметбекова.

Қарағандылық кішкентай бикеш келешекте «Әлем аруы» атануды мақсат тұтып отыр. Оның пайымдауынша, мұндай атаққа ие адамдардың ақылы көркіне сай болуы керек. Айша соларға ұқсап, көпті көркімен де, ақылымен де тамсандыруды армандайды. Айшаның қазіргі жетістіктерін саралап отырсақ, оның арманының шынайылыққа айналуы ықтималдылығы да мол. «Mini miss grand prix Russia 2018» байқауы Мәскеудің төрінде ұйымдастылды. Оған Ресей мен оған көршілес елдерден ниет білдірушілер қатысты.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы