376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалым: Тайқазан – халқымыздың металл өңдеуді ежелден меңгергенінің дәлелі

  • 1678
  • UPD: 12:00, 03.12.2018
Ғалым: Тайқазан – халқымыздың металл өңдеуді ежелден меңгергенінің дәлелі

Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Біздің ата-бабаларымыз берік металл өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты» деген болатын.

Соның бірі Тұран даласының төрінде тұрған алып Тайқазан. Ерекше ою-өрнекпен безендірілген көне  жәдігер - ұлы дала өркениетінің озық үлгісі. Орта ғасырларда қазақ даласында кен өндіріп, металл балқыту өнері терең зерттеліп, жақсы дамығанын көрсетеді. Тайқазан Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан қаласы маңындағы Қарнақ елді мекенінде құйылған. Оның құрамына алтын, күміс, қола, мырыш, қорғасын, мыс және темір сияқты жеті түрлі металл қоспасы қосылған.

Мамандардың айтуынша, сол замандағы темірден түйін түйген шеберлер алдымен жердің астын ойып, қазанның формасын жасаған. Шұңқырдың қабырғасына түрлі ою-өрнектер мен қасиетті хадисттерден үзінділер жазған. Сосын металлдарды балқытып, терең ұра-ның ішіне құйған. Ежелгі металл өңдеу технологиясын жақсы меңгерген шеберлер алып Тайқазанды осылай жасаған деседі. Бірақ сол кездегі шеберлердің жеті түрлі металлдың басын қалай біріктіргені әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Көне заман комбинаты атанған Қарнақ елді мекеніндегі шұңғыр бүгінгі күнге дейін сақтаулы.

Талғат Оразов, «Әзірет сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми қызметкері:

- Бабаларымыздың сол кездегі кереметтілігі адамның ықыласымен дейді. Қазан да ықыласпен жасалған. Сол заманның шеберлері өте керемет. Қазіргілер ондайды істей алмайды. Жеті түрлі металлды бір-біріне қосқан. Бұл қазанға тамақ жасалмаған. Жұма күндері намаздан келген мұсылмандарға арнап ішіне 3 тонна су құйып, дұға оқып, шекер салып, келген адамдарға беріп отырған. Биіктігі 1,58 см, ені 2,42 см болады.

Хабар 24 телеарнасы