386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жұмысшы мамандығын меңгергендер арасында чемпионат басталды

  • 610
  • UPD: 15:20, 03.12.2018

Астанада жұмысшы мамандықтарын меңгергендер арасында чемпионат басталды.

Жылдағы дәстүр бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған колледж студенттері 30 бағыт бойынша өзара мықтыны анықтайды. Оның ішінде даяшы, тігінші, құрылысшы және дәнекерлеушілер арасындағы байқаулар бар. Бұған қоса қатысушылар мейрамхана сервисі, көлік жөндеу, тамақ дайындау бойынша да сынға түспек. Жарыс түрлері заман сұранысына сай таңдалған және халықаралық чемпионаттың талаптарына сәйкес. Өйткені, республикалық бәсеке қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы жылы Ресейде өтетін әлемдік додға қатысады. Астанадағы жарыс 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ермек Күзенбаев, «Кәсіпқор» холдингі басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Осы жобаға қатысқан балалар міндетті түрде жұмысқа тұрып кетеді деп айта аламын. Бірнеше адам өз ісін ашып үлгерді. Негізгі мотивация – Қазақстан атынан әлем чемпионатына шығады.

Хабар 24 телеарнасы