384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сүт зауыттары тек Кеден одағының талабына сәйкес келетін өнімді қабылдайды

  • 808
  • UPD: 19:00, 04.12.2018
Сүт зауыттары тек Кеден одағының талабына сәйкес келетін өнімді қабылдайды

2020 жылдан бастап еліміздегі сүн өнімдерін шығаратын зауыттар Кеден одағының техникалық талаптарына сай келетін сүтті ғана қабылдайды.

Қазақстан сүт одағының директоры Владимир Кожевников осылай дейді. Оның айтуынша, бүгінде жекеменшік шаруалар зауытқа өткізетін сүттің 90 проценті Одақ талаптарына сәйкес келмейді. Жалпы Қазақстан ішкі сүт сұранысын толық қамтып отыр. Бір ағарғаннан алынатын ірімшік пен сары майдың 40 процентін сырттан алады. Құрғақ сүттің тіпті 95 проценті импорттық.

Владимир Кожевников, Қазақстан сүт одағының директоры: 

- Қыс мезігілінде сүт тапсырушылардың саны күрт кеміп кетеді. Мысалы жылдың өзге мезгілдерінде зауыттар 10 тонна сүт қабылдайтын болса қыста 1 тонна ғана сүт әкелінеді. Сондықтан өндірушілер алдына нақты стратегиялық жоспар қоя алмайды. Өйткені ешкіммен келісім жоқ. Сүт өткізушілер жеке шаруалар. Ұзақ мерзімді мақсат қою үшін зауыттар сүт тапсырушылармен келісімге келіп, қай уақытта қанша сүтті кімнен алатынын нақты біліп отыруы тиіс.  

Біріккен Ұлттар Ұйымының Агробизнес бойынша маманы Инна Пунданың айтуынша, жергілікті сиыр сүтінің сапасы жоғары. Бірақ сауылғаннан кейін қарапайым ережелерді сақтамаудың кесірінен оның құрамы біраз өзгереді.

Инна Пунда, БҰҰ агробизнес саласы бойынша маманы: 

- Ұсақ шаруашылықтардан әкелініп жатқан сүттің басым бөлігі Кеден одағының техникалық талаптарына сай емес. Қарапайым гигиеналық талаптар сақталмаған. Оның үстіне сүт құрамынан малға салынған екпелердің белгілері табылып жатады. Ал бұл адам денсаулығына өте зиянды. осының кесірінен әлемде жылына 700 мыңдай адам көз жұмады. Сондықтан мұнымен барлығымыз жұдырықтай жұмылып күресуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы