389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Е-құрылыс» порталы іске қосылды

  • 753
  • UPD: 21:46, 04.12.2018

Үкімет қазір тұтас құрылыс саласын цифрландыруға ден қойып отыр. Инвестициялар және даму министрлігі «Е-құрылыс» порталын іске қосты.

Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, электрондық порталда құрылыс жұмыстарына қатысты барлық ақпарат жарияланады. Бұл өз кезегінде құрылыстың бастапқы сатысынан бастап, ғимарат пайдалануға берілгенге дейінгі кезеңді қадағалауға мүмкіндік береді. Онда ақпараттық қана емес, фото және бейнебақылау мәліметтері де жарық көреді.

Мархабат Жайымбетов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитет төрағасы:

- Құрылысқа қатысушы тараптар, яғни тапсырыс беруші, мердігер компания, авторлық және техникалық қадағалау, сонымен қатар мемлекеттік органдар осы порталға қосылып, өз үлестерін қосады. Сәйкесінше, құрылыс саласындағы жұмыстың сапасы артады. Сонымен қатар, ақпарат қолжетімділігі де қамтамасыз етіледі.

Хабар 24 телеарнасы