384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Голландиялық туристер Шымбұлақ пен Медеуге тәнті болды

  • 1096
  • UPD: 22:44, 04.12.2018

Шетелдіктерге Шымбұлақ пен Медеуді көру арман. Іле Алатауы шатқалында 2510 метрлік биіктікте орналасқан шаңғы базасы мен рекордтар фабрикасына баланған Медеу мұз айдынының әлемде баламасы жоқ.

Бұл голландиялық спортшылардың пікірі. Осы елдегі  Қазақстан елшілігінің ұйытқы болуымен Алматыға бір топ голландиялық спортшы келді. Шымбұлақта аяқтарына шаңғы байлап, Медеуде коньки тепкен қызғалдақты елдің қыз-жігіттері біздің табиғатымызды көріп, таңдай қақты. Шетелдік меймандар Алатаудың таза ауасымен біраз күн тыныстаған соң, Астанаға барып елорда төріндегі спорт кешендерін аралап көрмек.

Кун Тайлар, спортшы /Нидерланд/:

- Мен Алматыдағы Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ туралы осы елде Универсиада өткен кезде естіген болатынмын. Кейін суреттерін көріп таңқалдым. Сол керемет табиғатты бүгін өз көзіммен көріп тұрмын. Енді алған әсерімді Голландияға барғанда достарыммен бөлісемін.  Олардың да енді осында келгісі келетіні анық.

Хабар 24 телеарнасы