384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда биыл 150-ден астам интернет алаяқтығы тіркелген

  • 611
  • UPD: 12:54, 05.12.2018
Қарағандыда биыл 150-ден астам интернет алаяқтығы тіркелген АиФ

Ағымдағы жылдың басынан бері Қарағанды қаласының полиция басқармасының Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінде 150 фактіден аса интернет алаяқтығы тіркелген.

Азаматтар кірістерді растаусыз, аз уақыттың ішінде кіші несиелерді рәсімдеу, түрлі тауарларды: автомобильдер, автобөлшектер, киімдер мен тондарды қолжетімді бағамен сатып алу үшін «Qiwi кошелек» терминалдары, банктердің шоттары арқылы белгілі бір сомадағы ақшалай қаражаттарды аударған.

Практика мұндай қылмыс түрлерін жасау кезінде алаяқтар азаматтарды алдау тәсілдері мен түрлерін ерекшелендіретінін көрсеткен. Ал бұл құқық қорғау органдарының осы қылмыс түрін ашуын қиындыққа әкеліп соқтырады.

Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің полицейлері интернет қолданушыларына, жасасқан келісіміңіз заңды екеніне күдіктенген болсаңыз, алдын ала төлем жасау қағидасымен қандай да бір қаражаттарды аудармауға және төлемеуге кеңес береді. Егер Сізде тауарды немесе қандай да бір келісімді интернет арқылы жүзеге асыру қажеттілігі туындаса, интернетке жүктелген ақпараттың растығын тексеру үшін бірқатар тәсілдер бар:

  1. скайп арқылы бейнеқоңырау соғу жолымен тауардың барлығына көз жеткізу;
  2. тауар басқа қалада болса, сатылымды растау үшін сонда таныс немесе туыс адамды жіберу арқылы;
  3. сатушымен тауарды алғаннан кейін төлем жасау мүмкіндігін келісу. Егер сатушы кездесуден бас тартып немесе қашқақтайтын болса, онда Сіздің алаяқ құрбанына айналу мүмкіндігіңіз зор.

Авторы: Айнұр Абдиева

Хабар 24 телеарнасы