384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы үш тәулікте суық ауа райы сақталады

  • 900
  • UPD: 14:06, 05.12.2018
Елімізде алдағы үш тәулікте суық ауа райы сақталады birds.kz

«Қазгидромет» РМК 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері суық ауа райы сақталады.

«Алдағы үш тәулікте республикамыздың ауа райында айтарлықтай өзгерістер болжанбайды. Бұл аралықта батыс облыстары Кавказ аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сондықтан мұнда кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ және ауа температурасының шамалы жоғарылауы болжанады», - деді «Қазгидромет» мамандары.

Хабар 24 телеарнасы