386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде туберкулезден көз жұматындар саны 400-ге дейін төмендеген

  • 385
  • UPD: 15:07, 05.12.2018
Елімізде туберкулезден көз жұматындар саны 400-ге дейін төмендеген

Елімізде осыдан 10 жыл бұрын туберкулезден жыл сайын 3 мың адам қайтыс болса, қазір бұл көрсеткіш 400-ге дейін төмендеген.

Есепте тұрған науқастардың саны да 2 есе азайып, 16 мыңға жетті. Әрине, көрсеткіштер жақсарған. Бірақ мамандар ауруды төмендету үдерісі өте баяу жүріп жатыр деген пікірде. Бұл мәселе бүгін Астанада өткен жоғары деңгейдегі төртінші өңірлік кездесуде талқыланды. Шараға Орталық Азия елдерінен келген дәрігерлер де қатысып, туберкулезді шекаралық бақылау жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Айта кетейік, елімізде шетел азаматтарының да  тегін ем алуына мүмкіндік бар. Ол үшін жыл сайын бюджеттен шамамен 42 млрд теңге бөлінеді.

Мәлік Әденов, Қазақстанның бас фтизиопульмонологы:

- Бірақ қазіргі осы іс-шаралардың арасында жылда 100-110 мың адам флюорографиялық скринингтен өтеді. Солардың арасынан былтыр ең көп дегені 229 азаматтан туберкулезді анықтадық. Биыл ол сан 165-ке төмендеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы