389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астанаэнергосервис» елордалықтарды абай болуға шақырады

  • 508
  • UPD: 15:07, 05.12.2018
«Астанаэнергосервис» елордалықтарды абай болуға шақырады elorda.info

«Астанаэнергосервис» АҚ пәтерлерде электр желілерін тексеруді және ауыстыруды жүзеге асырмайды, деп хабарлайды Елорда Инфо компанияның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Біздің компаниялардың бірінің әрекеттеріне елорда тұрғындарынан бірқатар шағымдар алдық. Бұл ұйым электр желілерін тексеру және ауыстыруды ұсына отырып, біздің компаниямыздың ұқсас атауын пайдаланады. Ол ұйымның «Астанаэнергосервис» АҚ-на қатысы жоқ екенін атап өткен жөн. Біздің компания пәтерлерде электр желілерін тексеруді және ауыстыруды жүзеге асырмайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобы жылу және электр энергиясын өндіру және тасымалдау жұмыстарымен айналысады.

Тұрғындардың айтуынша, өрт қауіпсіздігі үшін сымдарды ауыстыру бойынша қызметтер ұсынып, ауыстырмаған жағдайда өрттің шығуына себеп болатындығын айтып қорқытады. Көбінесе балалардан, немерелерінен және зейнеткерлердің өздерінен шағымдар түседі.

«Астанаэнергосервис» АҚ құжаттарды тексеруге, электр желілерінің ақаулығына куә болмайынша, қызметтерге келіспеуге, қызмет ұйымына немесе коммуналдық қызметке хабарласуға және күдік туындаған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы