383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

  • 412
  • UPD: 17:27, 05.12.2018
Астанада құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және әрекеттерді үйлестіру мәселелері бойынша елордада халықаралық конференция өтті.

Жиында еліміздің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Монғолияның осы саладағы басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Қадағалаушы ведомстволардың жетекшілері арасында трансұлттық қылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ұрланған активтерді қайтару мәселелері талқыланды. Атап өтейік, бүгінде Қазақстан шет мемлекеттермен екіжақты 63 шарт бекіткен. Оның басым бөлігіне соңғы алты жылдың ішінде қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы