384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мыңға жуық жас өз еркімен қайырымдылық шараларына қатысып жүр

  • 585
  • UPD: 19:23, 05.12.2018
Ақтөбеде мыңға жуық жас өз еркімен қайырымдылық шараларына қатысып жүр

Ақтөбеде еріктілер қатары артып келеді.

Қазір мұнда 20-дан астам топ бар. Мыңға жуық жас өз еркімен қайырымдылық шараларына қатысады. Бүгінде бүкіләлемдік волонтерлер күніне орай қалада түрлі акция ұйымдастырылды. Халық көп жүретін ойын-сауық орталығында қан қысымын өлшеу, қандағы қант мөлшерін анықтау және алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары өтті. «Мейірім» волонтерлер тобында болашақ дәрігерлер көп. Олар сырқат жандарды қамқорлыққа алса, тағы бір топ жалғызбасты қарияларға көмек береді. Одан бөлек, «Жас сақшы» еріктілер тобы жергілікті полиция қызметімен бірігіп, қоғамдық тәртіпті қадағалауға шығады. Еріктілер қарттар үйіне жиі барып, мерекелік шаралар ұйымдастырады.

Нұрлан Күнтуов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі:

– Волонтерлық жұмыс емес. Бұл – адамның ішкі жан дүниесінің айнасы. Сондықтан волонтерлыққа ұмтылушы, волонтер болғысы келетін жастардың саны күн санап артып келеді. Бұл бізді әрине қуантады. Волонтерлер бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасайды. Жоқ-жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Үлкен қарт кісілердің үйіне барып, үйін жинап, қарын шығарып берумен айналысады.

Хабар 24 телеарнасы