383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан мен Шымкенттің жаңа мәртебесіне арналған заң жобасы мақұлданды

  • 377
  • UPD: 18:55, 05.12.2018
Түркістан мен Шымкенттің жаңа мәртебесіне арналған заң жобасы мақұлданды parlam.kz

Мәжіліс депутаттары Түркістан мен Шымкенттің жаңа мәртебесіне қатысты конституциялық заң жобасын мақұлдады.

Бұл құжат Мемлекет басшысының жарлығы негізінде әзірленген. Маусым айында жарияланған Елбасының жарлығына сай Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қаланың санатына жатқызылып, ал Оңтүстік Қазақстан облысының аты Түркістан облысы деп өзгерді. Оның әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістанға көшірілді. Бұдан бөлек, жаңа мәртебе берілген Шымкент қаласына салық салу туралы нормаларды қолданысқа енгізудің өтпелі ережелеріне сай салық кодексіне түзетулер енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы