389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 7-20-25 бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

  • 766
  • UPD: 22:45, 05.12.2018

Қазақстан ақша сарайындағы құрал-жабдықтар жаңартылды.

Мұндағы шеберлер енді ерекше техникалық сипаттағы монеталарды шығара алады. Мәселен, түрлі-түсті баспа мен алтын жалату әдістерін қолдану арқылы теңгенің 25 жылдығына арналған монета дайындалған. Парламент Сенатының депутаттары Өскемендегі кәсіпорынға арнайы барып, ондағы жұмыс барысын көрді. Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары аймаққа 7-20-25 бағдарламасының орындалу барысын көру үшін барған еді. Сенаторлар екінші деңгейлі банк басшылығымен кездесіп, бірқатар мәселені көтерді. Жалпы шығыс өңірде бағдарламаны жүйелі орындау мүмкіндігі мол. Қазір 1650 пәтер сатылымға дайын, тағы 182-сінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Өңірде бағдарлама бойынша 315 өтінім берілсе, оның 220-сы мақұлданған.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитеті төрағасы:

– Шығыс Қазақстан облысы Елбасы тапсырмаларын орындауда, әсіресе, 7-20-25 бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. Бұл көрсеткіш бойынша өңір төртінші орында келе жатыр. Бүгінде екінші деңгейлі банк тарапынан 3 мыңнан астам өтінім мақұлданған.

Хабар 24 телеарнасы