384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында Тайсойған полигонына тиесілі болған жер шаруаларға берілді

  • 732
  • UPD: 08:54, 06.12.2018

Атыраулық шаруалар бұрын әскерилердің иелігінде болған Тайсойған полигонын игере бастады. Жыл басынан бері Қызылқоға ауданынан 41 жеке тұлға 90 мың гектар жер телімін алып, іске кірісті.

Жалпы, әскерилерден 625 мың гектар жер қайтарылған болатын. Суы тұщы, шабындығы шұрайлы Тайсойған өңірі мал бағуға өте қолайлы. Қызылқоға ауданында бірыңғай мал өсірумен айналысатын 226 шаруа қожалығы мен 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Олар жайылымның тапшылығынан зардап шегіп келген. Көп жылдар бойы әскерилердің қарамағында болған полигон енді шаруаларға қызмет етпек.

Арман Бәженов, Қызылқоға ауданының әкімі:

- Осы желтоқсан айында ауылшаруашылығы жерлеріне конкурс жариялап отырмыз. Соған 8 мың гектар жер телімін шығардық. Егер де ауылшаруашылығын дамытамын, мал өсіремін деп қызығушылық танытатын тұлғалар болса, сол конкурсқа қатысуға болады. Бар жағдайда біз қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы