387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы лифтілердің басым бөлігі талапқа сәйкес келмейді

  • 574
  • UPD: 12:10, 06.12.2018

Астана әкімдігі қаладағы жеделсатыларға тексеру жүргізіп көбісі талапқа сай келмейді деген қортындыға келді. Желдету жүйесі істен шыққан, төбесінен су ағады және диспетчерлермен байланыс жоқ. Бұған себеп техникаға қызмет көрсету сапасы нашар. Осының салдарынан лифттер мерзіміне жетпей тозып, оларды ауыстыру мәселесі туындайды. 

Чокнула и как вниз спустилась. Он спустился резко вниз, и остановился на втором этаже. Потом я давай кричать. Набираю по сотке никого немогу набрать.

Тарс еткен дыбыс естіліп, лифт құлаған бойы, екінші қабатқа барып тоқтады. Айқайлай бастадым. (Лифтінің ішінде көрсетілген) Номерді терсем ешкім жауап бермейді.

Мұндағы екі лифтінің біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Оның өзіне күтім керек екені сырт көзге анық көрінеді.

Бұл техниканың жұмыс ітсеп тұрғанына үш-ақ жыл, бірақ бүгінгі сиқы мынау. Күтім дұрыс болса, кемі 25 жыл қызмет көрсетуі тиіс еді.

Все застрял только кричать караул помогите. (Мобильді телефон қызмет көрсету аясынан тыс жерде). Отключен. А этот городской. Алло добрый день. А вот это кнопка не работает да диспетчера кому надо? постоянно вам на телефон да звонить? Или что?

-Да

-Ясно хорошо спасибо

-Он будет работать в течений месяца. Установки ведут

Тоқтап қалдық. Айқайлап көмек шақырудан басқа амал жоқ. Телефон өшірулі. Қалалық нөмірді теріп көрші. Алло, қайырлы күн. Диспетчерге хабарласу үшін не істеу керек? Сізге қоңырау шалу керек пе?

- Иә

- Түсінікті, рақмет

- Бір айдың ішінде жөндейміз. Құрал-жабдықтары орнатылып жатыр.

Сену қиын, бірақ амал жоқ. Мұндайда тұрғындар да ортақ мүлікке салғырт қарамауы тиіс. Лифт иеленушілер одағы мен Астана әкімдігінің қызметкерлері де мәселені шешуге кіріскен. Оларға Атамекен ҰКП мен Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері қолдау көрсетеді. 4 жақты меморандум нәтижесінде Өзіне-өзі қызмет көрсету ұйымы құрылды. Қазір 24 компания мүше. Өздерінің жарғылық капиталы, ережелері, тәртібі бар.  

Сергей Снятковский, Лифт компаниялары қауымдастығының төрағасы:

- Мүшелікке қабылдау үшін лифтке қызмет көрсетуші компания мүшелерін аттестациядан өткіземіз. Ал өзін-өзі басқару ұйымы бәріне бірдей жауапкершілік жүктейді. Ірі ақау шығып, апаттық жағдай туындаса, міндетті түрде бірлесіп шешеміз.

Өкінішке орай, ПИК төрағалары арзанға жүгіріп, лифтке қызмет көрсетуші лицензиясысыз компанияларды таңдайды. Тіпті мұндағы мамандардың біліктілігін тексеріп жатқан не басшы, не мемлекеттік орган жоқ.

Мизамбек Кинжибаев, Астана қаласы ПИК қауымдастығының төрағасы:

- Тексермейді оны, сол жоқ қой. Тексеретін адам жоқ қой. Лицензия жоқ. Бұл қалай, бәрі істеп жүр бүгін. Кешегі механик болып жүрген адамдар, ауылдан келіп, сосын тұрғындармен у-шу басталған кезде, сонда анау алады да кетіп қалады. Ал сынған лифт тұрады біраз.

Қазір жағдай оңалған сыңайлы. Мұны әкімдік өкілі де растады. Бұған дейін шағым көп еді. Қазір қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасына қоңыраулар азайған. Бірақ ескеретін жайт бар. Лифтке қызмет көрсету сапасын арттырамыз деп жүргенде, оның кейбірін ауыстыратын уақыт та жеткен. Бұл мәселе «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында шешілуі тиіс. Бірақ бұл бағдарламаға қатысуға тұрғындар құлықсыз. Астана қаласы бойынша өткен жылы 63, биыл 5 лифті жаңартылған.

Жасулан, здесь люди застряли Сейфуллина 40, подъезд 4-ый 

Авторлары: Жамбыл Зейнолла, Ғани Алшынбаев, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 телеарнасы