389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнайлы ауданындағы 45 үйге газ қосылды

  • 646
  • UPD: 14:20, 06.12.2018
Мұнайлы ауданындағы 45 үйге газ қосылды kaztag.info

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының алғашқы абонеттеріне жүргізілген газ құрыбының жұмысымен танысты.

Жұмыстар Маңғыстау облысының елді мекендердегі 2015-2020 жылдарға аралығын газ тасымалдау жүйелерін жаңғырту және жаңасын салуға бағытталған «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық жобасы аясында жүргізілуде.

Аталған жоба бүгінгі күні жоспарланған 100 тұрғын үйді көгілдір отынмен қамтитын 2,6 шақырым газ құбырының 1,2 шақырымына газ берілді. Бұл 45 абонентті газбен қамтуға жеткілікті. Аталған жұмыстар толығымен 2019 жылы аяқталады деп күтілуде.

Жалпы жоба аясында 20 шақырым газ құбыры салынып, 690 абонент қосылады. Негізінде бұл жоба 1328,63 шақырым Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Бейнеу аудандары мен Жаңаөзен қаласында да салынбақ. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының игілігінде 6 аудандық газ шаруашылығы, ұзындығы 3875,2 шақырым газ құбыры, 3356,4 шақырым газ таратушы жүйесі және 518,8 км «Жаңаөзен-Ақтау» магистралдық жүйесі бар.

Хабар 24 телеарнасы