386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да «өткен жылдарғы» 503 қылмыстың беті ашылды

  • 508
  • UPD: 18:37, 06.12.2018
СҚО-да «өткен жылдарғы» 503 қылмыстың беті ашылды inform.kz

Бұл туралы мәслихат депутаттарының алдында есеп берген облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл іздеуде жүрген 74 қылмыскер ұсталып, жауапқа тартылды. Мәселен қыркүйек айында Санкт-Петербург қаласында 2004 жылы Петропавлда адам өлтірген азамат құрықталды.

Тағы бір дерек, Свердловск облысында 2005 жылы қарақшылық шабуыл жасап, сол жаққа қашып кеткен күдікті қолға түсті. Бір қызығы, ол онда тергеуші болып жұмыс істеген. «Бұл ретте ресейлік әріптестердің көмегі тиді», - дейді полиция генерал-майоры. Ал жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көрші елде қылмыс жасап, бізде бой тасалап жүрген 24 адам анықталды.

Авторы: Айдарбек Балғабеков

Хабар 24 телеарнасы