385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кентауда жылу бағасы арзандады

  • 802
Кентауда жылу бағасы арзандады

Түркістан облысының Кентау қаласында коммуналдық қызметтің құны 24 пайызға арзандады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни тұрғындар бұған дейін жылу маусымында баспананың әр шаршы метрі үшін 136 теңгеден төлеп келсе, енді 103 теңгеден  айналады. Ал заңды тұлғалар мен коммерциялық нысандар үшін жылу бағасы 17 пайызға төмендеді. Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап, ауызсудың құны да 10-11 пайызға арзандайтын болды. Жалпы Кентау жылу мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 334 көпқабатты тұрғын үй мен 2121 жеке үйге және 374 коммерциялық нысан мен 102 бюджеттік мекемені жылумен қамтамасыз етеді.

Әбдібақыт Мақұлбаев, Кентау қаласының әкімі:

– Ең төменгі жалақыны 28 мың теңгеден 42 мың 500 теңгеге дейін көтеру мәселесі бізде осы мекемелер бойынша тиісті жұмыстар жасалды. Жылу энергоорталығындағы 61 адам 42 мыңнан төмен алады, барлығының айлығы көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы