389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен 115 жүргізуге айыппұл салынды

  • 482
  • UPD: 13:37, 07.12.2018
БҚО-да көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен 115 жүргізуге айыппұл салынды 1Gai

БҚО-да көлік тізгінінде келе жатып телефонмен сөйлескен 115 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кеткен жөн, желтоқсан айының 3 мен 9 аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтуде. Мақсат - жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Акция басталған 4 күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 400-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған. Полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, олардың 68-і жылдамдықты шектен тыс арттырса, 133-і қиылыс-бұрылыстарда қателікке ұрынған. 115 жүргізуші рөлде келе жатып ұялы телефон пайдаланғаны анықталды.

Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы