378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрмеде жазасын өтеушілер санын азайту бағдарламасы жемісін берді

  • 444
  • UPD: 18:22, 07.12.2018
Түрмеде жазасын өтеушілер санын азайту бағдарламасы жемісін берді

Елімізде соңғы 4 жылда 8 түрме жабылды. Бұл құқық саласында жасалған күрделі реформалардың жемісі. Әсіресе түрмеде отырғандар санын азайтуға бағытталған бағдарлама өз нәтижесін беріп жатыр.

Соның арқасында Ақтөбе, Атырау, Қарағанды Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарындағы түзету мекемелері қысқарды.  Жалпы тәуелсіздік алмай тұрып Қазақстан түрме саны бойынша әлемдегі үштікке кірсе, қазір 82-орынға төмендеген. Ал абақтыға қамалғандар саны соңғы 30 жылда еселеп азайды. Мәселен, бұрын Қазақстанда жүз мыңнан аса түрме тұрғыны болса, қазіргі көрсеткіш 33 мыңды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы