383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да үш жүзден астам көшенің атауы өзгертілді

  • 422
  • UPD: 22:02, 07.12.2018

Шығыс Қазақстандағы Карл Маркс, Ленин, Головков сияқты 300-ден аса көшеге қазақша атау берілді және алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.

Бұл жөнінде өңір әкімі Даниал Ахметов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша қазір аймақта мыңнан аса көше бар. Бірақ бәрінің атауын бірден өзгерте салу мүмкін емес. Бұл процес халықпен ақылдасу арқылы және заң талаптарына сай жүру керек. Мәселен, дәл солай Зырян қаласы Алтай болып өзгертілген.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Өскеменде Карл Маркс даңғылы қазіргі кезде Қаз дауысты Қазыбек болды. Орджоникидзе деген көше болды. Енді Орджоникидзенің білеміз ғой кім болғанын. Қазір ол көшенің аты Сағадат Нұрмағамбетов. Головков көшесінің аты қазір Бейбітшілік. Семейдегі Ленин көшесі Мәңгілік ел болды. Сол себептен осы мәселені біз асықпай, ойланып іске асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы