382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда ауыз суды үнемдеуге бағытталған жоба ұсынылды

  • 680
  • UPD: 10:42, 09.12.2018

Талдықорғанда ауыз суды үнемдеу мен оның коммуналдық төлемдерін жүргізуге бағытталған жаңа жоба ұсынылды.

Бұрын ыстық суға жету үшін алдымен оны біраз ағызуға тура келетін. Өйткені ыстық су ағатын құбырдың өзінде су температурасы төмен. Енді бірден ыстық су аға жөнелетін деңгейге жету керек депті жоба авторлары. Және есептегіш құралдарға GPS орнатылады. Ол диспетчерлік орталыққа дәлме-дәл мәліметтерді беріп тұрады. Тұтынушы көңілінен шығуды ойлайтын маман пікірі мынау:

Ерлан Жұмабаев, жоба менеджері:

- Біз бұл бағытта үлгі көрсетсек деген ойдамыз. Содан кейін мемлекеттік органдар мұны нақты жүзеге асырып, тұрғындардың игілігіне айналдыру керек. Бұл көпшілік үшін тиімді болады.

Хабар 24 телеарнасы