382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда құқық қорғау қызметі орталығы мың жарымға жуық адамға көмектескен

  • 489
  • UPD: 14:18, 09.12.2018
Оралда құқық қорғау қызметі орталығы мың жарымға жуық адамға көмектескен

«Смарт Орал» жобасы аясында жұмысын бастаған құқық қорғау қызметтерінің орталығына 1 жылдың ішінде мың жарымдай батыс қазақстандық тұрғын хабарласқан.

Мұнда азаматтар адвокат, заңгер, сот орындаушы және білікті медиатор мамандардың көмегін тегін пайдаланады. Мәселен, тек про-куратура қызметкерлері осы 1 жылда мың шақты тұрғынды қабылдаған. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинарлар мен ашық есік күндері ұдайы өтіп тұрады.  Өңір тұрғындары облыс прокурорының жеке қабылдауына жазыла алады. Мамандар арыздардың дені тұрғын үй мен жер қатынастары заңнамасының бұзылуы, сот актілерінің орындалмауы және алимент төлеу мәселесіне байланысты түсетінін айтады. Күн сайын орталыққа шамамен 100-ден астам адам келеді екен.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Ең бастысы мұнда келген азаматтар өздерінің проблемаларын немесе басқа да талап-арыздарын осы жерде прокурор немесе басқа мамандардың қатысуымен жазып қағаз түрінде немесе электронды болсын  оны мемлекеттік органға немесе сотқа E-gov порталы арқылы бірден онлайн түрінде жібере алады. Және бұрын жолдаған арыздары мен өтініштерінің жауаптарын қарай алады.

Юрий Солнечный, қала тұрғыны:

- Мен бұл орталықтың көмегін жиі пайдаланамын. Халыққа қызмет көрсету орталығына, осында жұмыс істеп отырған мамандарға келіп, шаруамызды айтамыз. Олар өз кезегінде бізге көмегін көрсетеді. Мысалы, маған құжаттарды реттеп, сотқа шағымданудың жолын көрсетті. Сондықтан осындай орталықтар мен ондағы мамандардың көмегі бізге ауадай қажет деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы