386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы мектеп жылу мен жарықты ысырапсыз пайдаланады

  • 711
  • UPD: 15:48, 09.12.2018

Петропавл қаласында қуат көзін үнемдейтін мектеп пайда болды. Оқу ордасы «Энерготиімділікті арттыру» жобасымен халықаралық қаржы ұйымының грантын жеңіп алып, жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Енді білім ордасында жылу мен жарық ысырапсыз шығындалады. 

Бұл мектеп 80-жылы салынды. Биыл оқу ордасынданда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жылу және жарық жүйесі жаңартылды. Енді оқушылар бұрынғыдай бүрсең қағып отырмайды.

Елизавета Кравчук, мектеп оқушысы:

-  Былтыр кейбір кабинеттерде суық болатын. Сондықтан қалың күрте киіп отыратын едік. Ал қазір мектеп жылы.

Жылу мен жарық жүйесі қуат көзін үнемдейді. Жаңғырту жұмыстарына 92 млн теңге жұмсалды. Бұл халықаралық қаржы ұйымының гранты.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Twitter@91Aidarbek:

- Бұл құрылғы жылуды автоматты түрде реттейді. Далада арнайы датчиктер орнатылған. Егер күн суытса, жылудың беруілуі де бәсеңдейді.

Мектептің есік-терезелері де түгел ауыстырылды. Бұл білім ордасының энерготиімділігін арттырып, коммуналдық шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. 

Салтанат Омарова, мектеп мұғалімі:

- Мындай жылу реттегіштер орнатылды. Мысалы далада салқын аязды болса, оны қосамыз. Егер жылы болса, кішкене азайтамыз.Және міне жылтыр қағаздар орнатылды. Бұл жылуды сақтап тұрады.

«Энерготиімділікті арттыру» жобасымен Қазақстанның 25 әлеуметтік нысаны жаңғыртылды. Олар мектеп, емхана және балабақшалар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы