387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада дәрігерлер базарларда тегін медициналық көмек көрсетіп жатыр

  • 904
  • UPD: 15:49, 09.12.2018

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді бабаларымыз. Елбасы да соңғы Жолдауында халықтың денсаулығына қатысты мәселе көтерді.

Яғни дертті ұзақ уақыт емдегенше, оның алдын алу шараларын қолға алу қажет. Сонымен қатар тұрғындарды қолжетімді жедел жәрдем қызметімен қамту жайы да айтылды. Жолдауды жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының Астана қаласындағы Байқоңыр аудандық филиалы әлеуметтік іс-шараларды бастап кетті. Кешелі бері денсаулық сақтау мекемелерінің мамандары қала маңындағы базарларды аралап, саудагерлер мен тұрғындарды тегін медициналық тексеруден өткізіп жатыр. Акция аясында мамандар адамдардың қан қысымын өлшеп, қант және холестерин мөлшерін тексереді. Сонымен қатар, түрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында туберкулез диспансерінің жылжымалы көлігі азаматтарды тіркеуге алып, флюорографиядан өткізеді. Мамандар бұл акцияны Байқоңыр ауданына қарасты барлық базарлар мен өндіріс аумақтарында өткізуді жоспарлап отыр.    

Мұхамеджан Болысбек, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

- Астана қаласының тұрғындары мен осы орталық сауда орындарының қызметкерлері шін қолжетімді көшпелі жедел-жәрдем акцияларын өткізіп жатыр. Бұл акция біздің «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай жиырма күнге созылатын болады. Ол осы Астана қаласындағы барлық сауда орталықтарында және мына осал топты орта, әлеуметтік орталарда және қаланың сыртында орналасқан аумақтарда өткізілетін болады. Барлық қала тұрғындары үшін.

Хабар 24 телеарнасы