386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылға дейін елімізде электрлі көліктерді қуаттайтын 1 мың орын пайда болады

  • 379
  • UPD: 09:25, 10.12.2018
2020 жылға дейін елімізде электрлі көліктерді қуаттайтын 1 мың орын пайда болады

Энергетика министрлігінің дерегіне сенсек, елде 2020 жылға дейін бір мың электрлі көліктерді қуаттайтын орын дайын болуы тиіс.

Әрине егер сондай қызметті қажет ететін көлік саны бес мыңға таяп қалса. Әзірше мұндай көліктер біздің тұрғындарды аса қызықтыра қойған жоқ. Дегенмен құзырлы мекемелер олардың қамын ойлап жүр. Былтыр жыл соңына дейін Астана мен Алматыда жүз шақты электрлі көліктерді қуаттайтын станциялар салынуы керек еді. Соның бірі Астана вокзалының маңында тұрғаны анық. Кімдер көліктерін қуаттап жүр, жалпы өзі жұмыс істей ме деген сұрақтар қазір соншалықты маңызды дей алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы