384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада қысқаметражды фильмдердің үздігі анықталмақ

  • 483
  • UPD: 12:47, 10.12.2018
Астанада қысқаметражды фильмдердің үздігі анықталмақ

Елордада қысқаметражды фильмдер фестивалі мен ғылыми конференция басталды.

Мәдени шара белгілі кинотанушы, еліміздегі кәсіби кинотанудың негізін қалаушы Бауыржан Нөгербектің 70 жылдығына орайластырылып отыр. Алқалы жиын барысында кино саласының маңдайалды тұлғалары Бауыржан Рамазанұлының өмірінен сыр шертпек. Ал кинофестиваль барысында үздік картиналар анықталады. Айтулы шара екі күнге ұласпақ.

Инна Смаилова, ҚазҰӨУ «Өнертану» кафедрасының доценті:

– Бүгін студенттердің түсірген қысқаметражды картиналары сарапталады. Былтырғы жылы үздік фильм жасай білген жастар анықталып, олар ертең марапатталады. Арасында республикалық, халықаралық байқауларға қатысқан туындылар да бар.

Хабар 24 телеарнасы