387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ұялы телефондардың 70 пайызға жуығы IMEI-коды бойынша тіркеуден өткен

  • 1647
  • UPD: 13:57, 10.12.2018

Бірінші қаңтардан бастап тіркелмеген ұялы абоненттер байланыссыз қалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бүгінде қазақстандықтардың тең жартысынан астамы ғана тіркеуден өткен. Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар осындай мәселе көтеріп, Ақпарат және коммуникациялар министріне сұрақ жауды.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

– Бүгінде елімізде 26 млн ұялы телефон абоненті болса, қазір оның 14 млн ғана тіркеуден өткен. Бұл ретте Мәжіліс депутаты Михаил Чирков миллиондаған қазақстандық жаңа жыл түнінде туған туыстарын құттықтай алмай қала ма деп алаңдаушылық білдірді. Бірақ Дәурен Абаев елімізде халық саны 18 млн болғанымен, абоненттер саны одан көп екеніне мән берді. Демек әрбір тұрғында 2-3 сим картадан бар. Сондықтан бүгінде абоненттердің 70 пайызы тіркелуі тиіс. Дегенмен бұл мәселе министрліктің күнделікті бақылауында. Айта кетейік, бір жыл бойы тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Ұялы телефонды тіркеу үшін 12 ай уақыт берілді. Бұл шара алдымен өзіміз үшін тиімді. Себебі ұялы телефон жоғалған жағдайда оны бұғаттауға мүмкіндік болады. Сонда телефон ұрлаудың мәні қалмайды.

Бүгінде пошта арқылы жеделхатты жіберу құны қымбаттады. Отырыста бұл мәселені Мәжіліс депутаты Ирина Аронова көтерді. Себебі жеделхатта жазылған әрбір сөз үшін бұрын 4 теңге төленсе, қазір бұл қызмет құны – 675 теңге. Демек жеделхат жолдау 169 есе қымбаттаған. Бұл аздай, биыл қаңтар айынан бастап жеке тұлғалар үшін мұндай қызмет түрі көрсетілмейді. Айта кетейік, жеделхатты қабылдап оны жеткізу міндеті қазір Қазақтелеком АҚ берілген. Сондықтан депутаттың сауылына басқарма төрағасы жауап берді. Оның айтуынша қазір хабарлама жіберетін басқа да қызмет түрлері болғандықтан, жеке тұлғалар үшін бұл қызмет жойылды. Ал заңды тұлғалар үшін қызмет ақысының қымбаттау себебі, телеграм мен телеграф үшін жұмсалатын шығын жарты миллионға жуықтайды. Ал одан келетін пайда – небәрі 39 млн теңге. Алдағы уақытта бұл мәселенің шешімін Қазақтелеком министрлікпен бірлесіп ойластырмақ.

Хабар 24 телеарнасы