384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Діни бағытта жазылған 9 мыңға жуық кітап арнайы сараптамадан өтті

  • 472
Діни бағытта жазылған 9 мыңға жуық кітап арнайы сараптамадан өтті

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының мамандары діни бағытта жазылған 9 мыңға жуық кітапты арнайы сараптамадан өткізді.

Нәтижесінде 958 кітапқа теріс қорытынды берілді. Бұл туралы бүгін орталық директоры Айнұр Әбдірәсілқызы мәлімдеді. «Қазақстанда дінтану сараптамасын жүргізудің өзекті мәселелері» атты дәстүрлі оқыту семинарында сала өкілдері кәсіби біліктілігін арттыру және материалдарды зерттеу төңірегінде тәжірибе алмасты. Жалпы елімізде дінтану сараптамасын жүргізу 2007 жылдан бастау алады. Алайда 2011 жылға дейін тек діни бірлестіктердің әдебиеттері мен құрылтай құжаттары ғана саралаудан өткен. Дін істері агенттігі құрылғаннан кейін діни қатынастар саласын реттейтін заңнамаға үлкен өзгерістер енгізілді. Заңнамада дінтану сараптамасы деген арнайы бап пайда болды. «Осы уақыттан бастап, бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр», – дейді жиынға қатысушылар.

Хабар 24 телеарнасы