384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсуда өткен форумда өндірістегі жазатайым оқиғаны болдырмау мәселесі талқыланды

  • 583
  • UPD: 21:59, 10.12.2018

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында айтылған тапсырмалар лайықты еңбекті бағалауға бағытталған.

Жыл басынан бері еліміздің өндіріс ошақтарында 1200-ден астам жұмысшы зардап шекті. Сондықтан өнеркәсіп нысандарында қауіпсіз ортаны қалыптастыру аса маңызды. Саладағы өзекті мәселелер Ақсу ферроқорытпа зауытында өткен форумда кеңінен талқыланды.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау, мамандардың құқықтарын қорғау шаралары партия және Кәсіподақтар Федерациясы арасындағы меморандум шеңберінде күшейтілген. Мәселен, жыл басынан бері 10 мыңға жуық еңбеккердің құқығы қорғалды. Мақсат – кәсіпорныдарда жазатайым оқиғалардың нольдік көрсеткішіне қол жеткізу.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Форум Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдарламасын жүзеге асыруда үлкен маңызға ие. Себебі кез келген істің адам күшімен, адам еңбегімен іске асатыны белгілі. Сондықтан еңбектің қорғалуы, еңбек қауіпсіздігін қолға алынуы істің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.

Бұл рухани орда «онлайн кітапхана» атанбақ. «Қазақстанның ашық кітапханасы» жобасы аясында мекеме жұмысы жаңғырды. Осы бағытта алты мыңға жуық сирек құрал электронды нұсқада қолжетімді болды. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Ертіс өңірі кітапханаларының қорында 3,5 миллионға жуық құрал бар. Қазіргі уақытта рухани азық ордаларын жаңғырту аясында сирек кездесетін кітаптар мен мерзімді баспасөз құралдары сандық форматқа ауыстырылуда. Мәселен, бүгінде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында өткен ғасырдың 50-жылдары басылып шығарылған басылымдар электронды форматқа ауыстырылып жатыр.

Кітапханалар рухани азық ордасы болумен қатар, ілім-білімді тарату кешеніне айналуы тиіс. Саяси ұйымның бастамасымен кітапханалардың жанынан осындай орталықтар ашылуда. Игілігін жас ақын-жазушыларда көруде. Олар жоба Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттауға сеп болады дейді.

Айбек Оралхан, жас қаламгер:

- «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттайтын бірден бір өклідері – бұл әдебиетшілер, қаламгерлер, жазушылар екені әмбеге аян. Өйткені осы тақырыппен белгілі бір көркем дүниелер бере отыра, өскелең ұрпақтың санасына ұлы даланың жеті қырын сіңіру, ұлы даланың құдыретін сіңіре білу жастардың қолында.

Елбасы Жолдауы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының басымдықтарын жүзеге асыру партия мүшелерің міндеті. Бүгінде айтар нәтиже бар. Партиялық бағдарлама аясында мектептерде 800-ге жуық ІТ-сынып ашылып, 100 кітапхананың жұмысы жаңғырды.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы