386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көлік жылдамдығына шектеу қойылады

  • 645
  • UPD: 14:48, 11.12.2018

Алматы көлік апатынан көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл қалада 4 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Арасында жылдамдықты асырып, адам қаққандары да бар. Осыған алаңдаған қала билігі көлік жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін шектеуді көздеп отыр. Жаңашылдық жөнінде әріптестеріміз айтып береді.

Биыл Алматы көшелерінде болған көлік апатынан 121 адам көз жұмса, 5 мыңға таяу адам түрлі дене жарақатын алған. Арасында мүгедек болып қалғандар да бар. Бар мәселе көлік жылдамдығына байланысты емес, әрине. Дегенмен Әл-Фараби, Сайын мен Райымбек даңғылдарында көлік қақтығысы жиі болады. 

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Жылдамдықты асыра пайдаланған көлік жүргізушісі дер кезінде автокөлігін тоқтата алмайды. Сондықтан болар осындай шара қолға алынып отыр. Енді қала көшелеріндегі  80 деген жылдамдықты 60-қа төмендету заман талабы. Яғни адамдардың өмірін аман алып қалудың бірден бір амалы.

Алайда автомобиль одағы өкілдерінің айтуынша, бұл шешім жолдағы кептеліс пен келеңсіз оқиғаларды азайтпайды.

Эдуард Эдоков, Автомобиль одағының төрағасы:

- Жол-көлік апаты негізінен қаланың орталық көшелерінде жиі болады. Ол көшелерде жылдамдықты 50 шақырымға шектегендері дұрыс-ақ. Ал транизитті магистральдердегі жылдамдықты 60 шақырымға түсіру түсінбеушілік тудырады. Және ол тиісті нәтиже бере қоймас.

Әрине, баршаға ортақ ережені ескермей, жылдамдықты тым асырып жіберетін  жүргізушілер бар. Көбісі асығыс. Сондай ессіздіктен айыппұлмен ғана шектелмей, одан да сорақы, адам өліміне әкелетін жағдайға душар болып жатады. Ал жылдамдықтың шектелуіне жүргізушілердің пікірі артүрлі.

Тәртіпке бағынғысы келмегендерді бейнекамералар қатаң қадағалайды. Қала бойынша 142 «Сергек» камералары орнатылады. Мұнымен қоса мыңға жуық цифрлық камера бар. Солардың көмегімен бүгінде 1222 қылмыстық іс ашылып, Құрманғазы мен Шевченко көшелерінің бойында жол-көлік оқиғалары 41% төмендеген.

Авторы: Алмас Садуқас, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы